Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Қозыбаев университетінің оқытушылары мен студенттері биологиялық ыдырайтын тамақ пленкасын өндіруге патент алды

Қозыбаев университетінің оқытушылары мен студенттері биологиялық ыдырайтын тамақ пленкасын өндіруге патент алды

«Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі» кафедрасының оқытушылары Елена Иль мен Дмитрий Иль Дмитрий Евгеньевич, сондай-ақ «Азық-түлік қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасының студенттері Светлана Даниш пен Нина Кузнецова карагинаннанбиологиялық ыдырайтын  пленка өндіруге патент алды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Карагинан – қызыл теңіз балдырларының экстракциясынан алынған табиғи гель. Қозыбаев университетінің оқытушылары мен студенттері олардан жабысқақ пленка жасай алды. Ғылыми жұмысқа қаражатты университетке  Назарбаев Университеті және National Conservation Initiative корпоративтік қоры бөлді.

«Қаржыландыру 1 млн 300 мың теңгені құрады. Ол жабдықтар мен шығын материалдарын сатып алуға кетті. Біздің биологиялық ыдырайтын пленка полимерлі және целлофан пакеттерін пайдалануды азайтады және орау материалдарын қайта өңдеу ортасын жақсартады. Пленка арнайы қоқысқа тастауды қажет етпейді, ол ыстық суда жақсы ыдырайды. Егер бұл пленка ашық жерге түссе, табиғи факторлардың әсерінен қоршаған ортаға зиян келтірмей ыдырайтын болады», – деп атап өтті Қозыбаев университетінің агротехнология факультетінің аға оқытушысы Елена Иль.

 

Shares