Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » ҚР денсаулық сақтау бірінші вице министрі Тимур Сұлтанғазиев СҚО эвакопунктер мен денсаулық сақтау нысандарын аралады

ҚР денсаулық сақтау бірінші вице министрі Тимур Сұлтанғазиев СҚО эвакопунктер мен денсаулық сақтау нысандарын аралады

Солтүстік Қазақстан облысына ҚР денсаулық сақтау бірінші вице министрі Тимур Сұлтанғазиев келді. Ол Қызылжар ауданы мен Петропавл қаласындағы медициналық мекемелерді, эвакуациялық пунктерді аралады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

“Мен эвакуациялық пункттердегі санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық мәселесін зерттедім. Адамдарлың қалай тамақтанатынын, тағамның қалай дайындалатынын, тағамның қаншалықты дұрыс сақталатынын сұрадым. Сумен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталдым. Созылмалы аурулары бар адамдар бар, олар дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген. Эвакопункттерде медициналық пункттер жұмыс істейді, қызметкерлер азаматтардың жағдайын бақылайды”, – деді ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев.

Петропавл қаласындағы 2 орта мектепте су басқан Заречный кентінің тұрғындары орналастырылған. Мұнда 37 адам жатыр. Олар тәулік бойы психолог мамандардың, дәрігерлердің бақылауында. Тұрғындар Тимур Сламжанұлына қиын жағдайда медицина мамандарының күні-түні қастарында болғандарын айтып, алғыстарын жеткізді.
Сонымен қатар, облыстық перинаталдық орталыққа алыс аудандардан және су басу қаупі бар ауылдардан жүкті келіншектер алдын ала жеткізілді. Олар перинаталдық орталықта толық медициналық көмек алуда.

Тимур Сұлтанғазиев сонымен қатар, Петропавл қалалық бірінші қалалық аурухана жанындағы инфекциялық бөлімнің жұмысымен танысты. Инфекциялық аурулардың өршуі тіркелмеген. Облыс бойынша барлығы 7 инфекциялық станционар бар, онда 187 төсек орын ұйымдастырылған.
Су тасқыны кезеңінде және жұқпалы аурулардың өршуі тіркелген жағдайда қосымша балаларға арналған 45 орын, ересектер үшін 135 төсек орын ашуға мүмкіндік бар. Жансақтау бөлімінде де төсек орын қоры жеткілікті. Дәрі-дәрмекпен қамту қоры жеткілікті. Осы орайда, Тимур Сұлтанғазиев, инфекциялық аурулар өршіп, эпидемиологиялық жағдай ушыққан жағдайда бірінші қалалық аурухана жанынан қосымша 120 төсек орын ашуды тапсырды.

Жұмыс сапары барысында облыстық әкімдік жанында құрылған аумақтық жедел штабтың денсаулық сақтау саласына қатысты жиынын өткізді. Жиында Тимур Сұлтанғазиев тұрғындарға сапалы әрі жылдам көмек көрсетуді тапсырды.

 

Shares