Қызылжар ауданының тұрғындары төлем алуға өтініш беруде
Жастар сарайында су тасқыны салдарынан облыс орталығында уақытша тұрып жатқан Қызылжар ауданының тұрғындары үшін төлемдерге өтініш қабылдау ұйымдастырылды. Олардан қажетті құжаттарды аудандық мамандар қабылдады. Мұндай жұмыс форматы азаматтарға ыңғайлы болу үшін ұйымдастырылды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Қызылжар ауданы әкімдігінің мамандарына халыққа қызмет көрсету бөлімінің өкілі көмектесті. Айдос Шайғұзов құжаттарды қалпына келтіру қажет адамдарға кеңес берді.
“Егер, үйге қатысты құжаттар жоғалса немесе олар суға батып кетсе, сіз ХҚКО-ға жүгіне аласыз, оларды қалпына келтіруге болады. Бір құқықтық қалпына келтіретін құжаттың бағасы – 601 теңге. Kaspi.kz арқылы төлеуге болады, ол үшін ХҚКО-ға келіп, өтініш бересіз. 3 жұмыс күнінде дайын болады, оны жеделдетуге болады. Мемлекеттік бажды Kaspi.kz бойынша төлеу арқылы төлқұжаттарды қалпына келтіруге болады. 30-ға жуық өтініш беруші жүгінді”, – деді Қызылжар ауданының ХҚК бөлімінің өкілі Айдос Шайғұзов.
Топан су келгелі бері ХҚКО қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен 4 мыңға жуық адамға қызмет көрсетті.
Қызылжар ауданының тұрғындары біржолғы төлем мен залалдың орнын толтыруға өтініш беруде. Долматово ауылының 72 жастағы тұрғыны Галина Серебрякова мемлекеттік көмекке дән риза. Оның үйі су астына кетті.
“Алдымен судың жақындағанын күттік, содан кейін адамдар мүліктерін жинай, шығара бастады. Халық бір-біріне көмектесті, учаскелік полицей болды. Қазір қалада ұлыммен тұрамын. 2017 жылы тек Зеленый көшесін су басқан еді, ал қазір барлығын басиы”, – деді Долматово ауылының тұрғыны Галина Серебрякова.
Қызылжар ауданының тұрғындарына қандай зиян келгені туралы айту әлі ерте. Зардап шеккен азаматтардың мүлкін бағалау су тасқыны толығымен тұрақталған кезде басталады.