Роман Скляр Тайынша ауданы Красная поляна ауылының тұрғындарымен кездесті
Су басқан аймақты инспекциялау барысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Красная поляна ауылының тұрғындарымен кездесті, онда 8 үй су астында қалды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Жергілікті тұрғындармен әңгімелесу барысында бірінші вице-премьер зардап шеккендерге келтірілген барлық залал өтелетінін, материалдық шығынды мемлекет жабатынын мәлімдеді.