Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Синоптиктердің болжауынша, осы аптада Солтүстік Қазақстанда қар жауып, сырғыма жүреді

Синоптиктердің болжауынша, осы аптада Солтүстік Қазақстанда қар жауып, сырғыма жүреді

Петропавлда 4-5 желтоқсанда термометр -1-3 °C көрсетеді. Сәрсенбі күні көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды, деп хабарлайды QZ News тілшісі СҚО бойынша «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Бейсенбі және жұма күндері облыс орталығында күн бұлтты болып, қар жауып, сырғыма жүреді. 6 желтоқсанда Петропавлда ауа температурасы -3-5°С дейін төмендейді

4 желтоқсанда облыстың батысында аздаған қар жауады. Сәрсенбі және бейсенбі күндері ауа температурасы 0;-5 °C болады деп күтілуде. 5 желтоқсанда облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде қар жауып, сырғыма жүреді. Жұма күні де облыстың кей жерлерінде ауа райы сақталады. 6 желтоқсанда ауа температурасы -3-8°С дейін төмендейді.

 

Shares