Солтүстік Қазақстан облыстық сотында жаңадан тағайындалған судьялар таныстырылды
Солтүстік Қазақстан облыстық сотында пленарлық отырыс өткізіліп, 2025 жылғы 23 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығымен тағайындалған сот төрағалары мен судьялар таныстырылды, деп хабарлайды QZ News.
Сонымен, Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар істері бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы болып осы соттың судьясы болған Абильмажинова Арай Юрьевна тағайындалды.
Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар істері бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы болып Ақмола облысы Көкшетау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша мамандандырылған сотының судьясы қызметінен босатылған Әріпхан Нартай Әскербекұлы тағайындалды.
Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы болып Малаева Альбина Маратовна тағайындалды. Жаңа судья Малаева А.М. ант қабылдады.
Облыстық соттың төрағасы міндетін атқарушы Ербар Қалиев судьяларды тағайындалуларымен құттықтап, табысты жұмыс тіледі.
Осы Жарлықпен Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық сотының судьясы Ұстажанова Сара Амантаевна Ақмола облысы Зеренді аудандық сотының төрағасы болып, Солтүстік Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Оразымбетова Рита Джексембиевна Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы болып тағайындалды.
Сол күні судьялар мен төрағалар сот ұжымдарына таныстырылды.