Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Солтүстік Қазақстан облысында 3,2 млрд теңгеге жарма мен үлпек өндіретін жоғары технологиялы зауыт салынады

Солтүстік Қазақстан облысында 3,2 млрд теңгеге жарма мен үлпек өндіретін жоғары технологиялы зауыт салынады

Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда «Qazaqstan Bidayy» ЖШС-нің заманауи зауытының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жоба құны 3,2 млрд теңгені құрайтын бұл өндіріс ошағы жарма мен үлпек шығару бағытында толық циклді астық өңдеуге арналған. Бұл өз кезегінде қазақстандық агроөнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді, деп хабарлайды QZ News.

Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың мамыр айында басталды. Қажетті инфрақұрылымды тарту үшін облыстық бюджеттен 291 млн теңге бөлінді. Қазіргі уақытта алаңда Украинадан жеткізілген заманауи жабдықтарды орнату жұмыстары жүріп жатыр. Зауыт үш өндірістік желімен жабдықталады, бұл жылына 25-30 мың тонна жоғары сапалы өнім шығаруға мүмкіндік береді.

Инвестор энергия үнемділігі мен экологиялық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше мән беріп, технологиялық үдерістердің халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етеді.

Жаңа өндіріс орны 2025 жылдың тамыз-қыркүйек айларында іске қосылады деп жоспарлануда. «Qazaqstan Bidayy» зауытының ашылуы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосады. 30-ға дейін жаңа жұмыс орны құрылып, жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен тығыз әріптестік орнатылады деп күтілуде.

Shares