Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Солтүстік Қазақстан облысында әйелдер көшбасшылығы белсенді түрде дамып келеді

Солтүстік Қазақстан облысында әйелдер көшбасшылығы белсенді түрде дамып келеді

Солтүстік Қазақстан облысында Іскер әйелдер кеңесі жанындағы «Tomiris» көшбасшылық мектебі өз жұмысын бастады. Қыздар үшін көшбасшылық, жобаларды басқару, шешендік өнер, сәтті келіссөздер және психология бойынша тренингтер өткізіледі. Бес күн бойы тәжірибелі спикерлер қатысушыларға өз білгендерін үйретеді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Тренинг қорытындысы бойынша солтүстікқазақстандық 24 әйел өңірді дамытуға бағытталған жобаларын ұсынбақ. Қазір бұл мектеп қыз-келіншектер арасында сұранысқа ие. Ол биыл екінші жыл жұмыс істеуде.

«Маған осы жобаның қатысушысы болу бақыты бұйырды. Тренинг өте қызықты, спикерлер барлығын қарапайым тілмен түсіндіреді. Барлық жобалар өте пайдалы, олар біздің өңірдің дамуына бағытталған. Қазір әйелдер көшбасшылығы үлкен сұранысқа ие», – дейді әйелдер көшбасшылығы мектебінің қатысушысы Диляра Сейдахметова.

Shares