Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы облыс кәсіпкерлеріне көмек көрсетуде

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы облыс кәсіпкерлеріне көмек көрсетуде

«Атамекен» ӨКП бизнес алаңында Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының төрағалығымен кәсіпкерлердің құқығын қорғау мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Жыл басынан бері облыс прокуратурасымен 2214 кәсіпкердің құқығы қорғалып, 186 қадағалау актісі енгізіліп, 14 тұлға жауапкершілікке тартылып, 787 заңсыз құқықтық актінің және 90 шектеу шараларының күші жойылды, 3 заңсыз тексерістің жолы кесілді, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша 162 қаулының күші жойылды. 1 миллиард теңгеден астам шығын өтелді.

Қадағалау актілері бойынша монополист қосалқы тұтынушы ретінде санап, қосарланған тариф қолданған 1249 петропавлдық кәсіпкердің құқығы қалпына келтірілді. Жиын барысында өңірдегі кәсіпкерлердің өзекті мәселелері талқыланып, оның қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды. Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау мәселесі облыс прокуратурасының тұрақты бақылауында.

Shares