Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Солтүстік Қазақстан облысының санитариялық дәрігерлері ата-аналарға балаларына қызылшаға қарсы екпе салуды ұсынады

Солтүстік Қазақстан облысының санитариялық дәрігерлері ата-аналарға балаларына қызылшаға қарсы екпе салуды ұсынады

2024 жылдың 10 айында облыста қызылшамен ауырған 325 жағдай тіркелді. Бұл Солтүстік Қазақстан облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау департаментінің мәліметі, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

«Қызылша ауруының тіркелуі облыстың барлық аумақтарында байқалады, аурушаңдықтың ең көп үлесі Петропавл қаласында – 201 жағдай, Аққайың ауданында – (27 жағдай), ат. Ғ.Мүсірепова – (24), Тайынша ауданы – (16 ), Қызылжар ауданы – (15 ), Есіл ауданы – (10 ), Уәлиханов ауданы – (9 ), Айыртау ауданы – (8 ), М. Жұмабаев ауданы – (5 ), Ақжар ауданы – (3), Жамбыл, Мамлют және Шал ақын аудандарында (2), Тимирязев ауданы бойынша – (1 )», – делінген тиісті бөлімнің хабарламасында.

Аурудың 175 жағдайы 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелген. Қызылша – ауа тамшылары арқылы таралатын қауіпті жұқпалы ауру. Қызылшаның алдын алудың сенімді және тиімді әдісі – вакцинация.

«Профилактикалық екпелерден бас тарту арқылы сіз балаларыңыздың денсаулығына қауіп төндіресіз! Әрбір вакцинацияланбаған балада пневмония және энцефалит сияқты асқынулар болуы мүмкін екенін есте сақтаңыз. Сондықтан балаларымыздың денсаулығын сақтау үшін қызылшаға қарсы екпе алуға шақырамыз. Вакцинация жергілікті емханаларда жүргізіледі. Екпе туралы қосымша ақпаратты EGU.kz сайтынан немесе 7701 сенім телефоны арқылы білуге ​​болады», – деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау департаменті.

 

Shares