Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Солтүстікқазақстандық қоғам белсендісі мемлекеттік сатып алу жүйесін өзгертудің тиімділігін түсіндірді

Солтүстікқазақстандық қоғам белсендісі мемлекеттік сатып алу жүйесін өзгертудің тиімділігін түсіндірді

Мемлекет басшысы өзінің кезекті Жолдауында атап өткендей, сатып алу үдерісі оңтайланып, қысқартылады, «баға емес, сапа» қағидатына басымдық беріледі, яғни, демпингке тиімді тосқауыл қойылады және үдерістер толық автоматтандырылады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Мемлекеттік сатып алу жүйесіне алғаш рет «басынан бақайшағына дейін» жасау тәсілі енгізіледі. Жұмыстың ашық болуын арыз-шағымдарды қараудың жаңа тәсілін қолдану және қоғамдық мониторинг институтын енгізу арқылы қамтамасыз еткен жөн. Соның нәтижесінде алдағы үш жылдың ішінде реттелетін сатып алу саласындағы жергілікті өнімдер мен қызметтердің үлесі кемінде 60 пайызға жетуге тиіс. Қазір көптеген елдер ішкі нарықты қорғау шараларын белсенді қолданады. Дүниежүзілік сауда ұйымының бағалауынша, Қазақстанда ішкі нарықты қорғау деңгейі төмен. Сондықтан мемлекет сауда-саттық саясатында жаңа әрі батыл қадам жасауымыз керек.

«Менің ойымша, Жолдаудың ең маңызды тұсы – мемлекет басшысының мемлекеттік сатып алулар туралы айтқаны. Егер жұмысқа немқұрайлы қараған тұлғалардың статистикасын қарасаңыз, 58 пайызы өз қызметтерін толық ұсынбаған немесе мүлде ұсынбаған адамдар екенін байқауға болады. Бұл қарапайым халықтың зардап шегетінін көрсетеді. Өкініштісі, бұл қызметтерді жауапкершілігі жоғары жандар көрсетуі мүмкін еді. Сонымен қатар, тендерлерді жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың жеңетін, бірақ кейбірі онымен келіспей, шағым түсіретін фактілер болады. Нәтижесінде процесс ұзаққа созылып кетеді. Егер үкімет шағымдарды қарау мерзімін қысқартса немесе фактілермен дәлелденбеген шағымдар үшін қандай да бір қаржылық жаза қолданса, әділдік орнар еді деп ойлаймын»,- дейді «Қазақстанның болашағы үшін» қоғамдық-студенттер бірлестігінің өкілі Рүстем Арманов.

Shares