Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО әкімдігі қабырғасындағы комиссияда кәсіпкерлердің 7 өтініші қаралды

СҚО әкімдігі қабырғасындағы комиссияда кәсіпкерлердің 7 өтініші қаралды

Су тасқыны кезінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығындардың өтемақысын анықтау жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы СҚО әкімдігінде өтті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Бірінші кездесуде комиссия кәсіпкерлердің жеті өтінішін қарады. Су тасқыны Петропавл мен Қызылжар ауданының бизнес субъектілеріне зиян келтіргені мәлім. Өтемақы төлеуге өтініш берер алдында олар келтірілген залалды бағалап, өтемақы мөлшерін анықтауы керек. Төлемдер Үкімет резервінен жүзеге асырылады, бағалаушылардың жұмысы жергілікті бюджеттен төленеді.

“Кәсіпкердің алғашқы өтінімі бірауыздан қанағаттандырылды. Сұрақтар негізінен кірістің, айналымның, залалдың сәйкестігіне байланысты туындайды. Мен кәсіпкерлерге залалды адал анықтауға тілек білдіремін. Бағалаушыларға да осындай тілегім бар”, – деп атап өтті облыстық мәслихат депутаты Евгений Кинцель.

Shares