Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО әкімі “Обухов” комбинатындағы жұмыс орындарына қатысты түсініктеме берді

СҚО әкімі “Обухов” комбинатындағы жұмыс орындарына қатысты түсініктеме берді

Аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов халықпен кездесуде “Обухов” тау-кен байыту комбинатына қатысты сұраққа жауап берді. Өндіріс орны өкілдері алдағы өмірлеріне қатты алаңдайды. Көпке мәлім, жақында комбинат директоры қамауға алынды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Әлгінде ғана қала әкімі жаңа жұмыс орындары құрылып жатқанын айтты. Облыста жағдай өзгеріп келеді. Бірақ дәл қазір Тайынша ауданында “Обухов” ЖШС-нің 500 қызметкері жұмысынан айырылуда. Сіз бұл жағдайға қалай түсініктеме бересіз?”,- деді кәсіпорын қызметкері Самат Мейрамов.

“Обухов” ЖШС бойынша да, басшылық бойынша да сұрақтар бар. Бүгінгі таңда қылмыстық іс аясында мен түсініктеме бере алмаймын. Арнайы органның жұмысына араласа алмаймын. Ақ пен қараны сот ажыратады. Орындарды қысқартуға келетін болсақ, әлеуметтік қорғау желісі бойынша сізге қолдау шаралары ұсынылды”, – деп жауап берді облыс әкімі.

 

 

Shares