Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО әкімі: “Өңірде медицина кадрларының тапшылығы 183-тен 134-ке дейін азайды”

СҚО әкімі: “Өңірде медицина кадрларының тапшылығы 183-тен 134-ке дейін азайды”

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов көпсалалы облыстық аурухана және балалар ауруханасының жұмысын тексеріп, дәрігерлермен кездесті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Дәрігерлердің арасында басқа өңірлерден келген мамандар аз емес. Биыл облыстық аурухана 29 дәрігермен толықты, ал балалар ауруханасы 11 маманды жұмысқа қабылдады.

«Жалпы облыс бойынша биыл медицина кадрларының тапшылығы 183-тен 134-ке дейін азайды. Оң динамика дәрігерлерге жағдай жасау мен көтерме ақыны 5 миллион теңгеге дейін өсірудің арқасында байқалуда. Біз облысымызға тар бейінді мамандарды тарту жұмысын жалғастырамыз», – деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ауруханалар үшін негізгі көрсеткіш – дертті ерте кезеңде анықтау және науқастарды тиімді емдеу үшін озық қондырғылармен жабдықтау. Медициналық ғимараттардың жағдайына да назар аудару керек.

Қазір облыста медициналық техникамен жабдықталуы – 65%, ал инфрақұрылымның тозуы – 77% құрап отыр. Бұл көрсеткіштерді жақсарту үшін биыл қондырғыларды алуға 5,2 млрд теңге, ал 27 нысанды күрделі жөндеуге 1,9 млрд теңге бөлінді.

 

Shares