СҚО әкімі Прибрежное ауылының тұрғындарымен кездесті
СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов үлкен судың ортасында қалған Прибрежное ауылының тұрғындарымен кездесті. Өңір басшысы қиын сәтте ауылдықтарға қолдау көрсетуді жөн көріп, су тасқынынан зардап шеккендерге мемлекет тарапынан барынша көмек көрсетілетіні туралы айтты, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Азаматтар Ғауез Нұрмұхамбетовке өздерін толғандырған сұрақтарын қойды, оларға барынша жауап берілді. Ауылда әкімдік тұрғындардан келтірілген шығынды өтеу туралы өтініштерді қабылдауды бастайды. Ол үшін эвакуациялау пунктінде Старлинк спутниктік интернеті орнатылды.
Су тасқынының алғашқы күндері тұрғындардың бір бөлігі ауылдан тікұшақпен көшірілді.
“Ауыл изоляцияда болғандықтан, халықты қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қажет. Қызылжар ауданының әкіміне тұрғындарды қажетті заттармен қамтамасыз етуді және олардың өтініштеріне жедел ден қоюды тапсырдым”, – деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.