СҚО әкімі Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық форумына қатысты
Ресейдің Уфа қаласында бейнебайланыс бойынша екі елдің басшыларының қатысуыменҚазақстан мен Ресейдің XX өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті. Пленарлықотырыста СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов сөз сөйлеп, аймақаралық ынтымақтастықтыңмаңызды тұстарын атап өтті, деп хабарлайды QZ News тілшісі
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Үкімет аппаратының басшысы ҒалымжанҚойшыбаев, СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов және облыс әкімдері БашқұртстанРеспубликасын басқару орталығы мен ұлттық білім орталығының жұмысымен танысты.
Форум алаңында Ғауез Нұрмұхамбетов Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценкомен кездесіп, ынтымақтастық мәселелерін талқылады. СҚО әкімдігі мен Омбыоблысы үкіметі арасында меморандумға қол қойылды. Құжат сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік, мәдени салалардағы халықаралық және сыртқыэкономикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған. Бұл шекаралас өңірлер арасындағыәріптестік қатынастарды нығайтып, ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
СҚО әкімі Уфа қаласындағы «Алға» арнайы экономикалық аймағындағы «Ultra Decor» зауытында болды. Бүгінгі таңда ағашты терең өңдеу зауыты жылына 1.6 млн.текше метр өнім өндіретін ОСБ және ДСП панельдерін өндіру бойынша Ресейдегі ең үлкен зауытболып табылады. 200 гектар аумақты алып жатыр. Зауытта 300 адам жұмыс істейді. Австриялық компания біздің облыста бағдарланған тақталар шығаратын дәл осындайкәсіпорын ашуды жоспарлап отыр. Өңір басшысы инвестормен перспективалық жобаныжүзеге асыруға қатысты мәселелерді талқылады.