СҚО әкімі “Samruk-Kazyna Construction” басшысымен жайлы мектептердің құрылысын талқылады
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облыс орталығындағы «Орман» және «Береке» шағын аудандарында екі нысанның құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Бүгін осы мәселеге қатысты облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов “Samruk-Kazyna Construction” АҚ басқарма төрағасы Мәулен Айманбетовпен кездесті. Жиында жайлы мектептер салу жоспары талқыланды.
“Нысандар кестеге сәйкес салынуы керек. Мердігерлердің жұмысын қадағалап, құрылыс сапасын қадағалау маңызды”, – деп атап өтті өңір басшысы.
Жаңа білім беру нысандары үш ауысымда оқытуды және орын тапшылығын жояды. Оқушыларға білім алуға және жан-жақты дамуына лайықты жағдай жасалады.