Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО бойынша 910 үй су астында қалды

СҚО бойынша 910 үй су астында қалды

Соңғы үш күн ішінде Сергеев су қоймасындағы су деңгейі бір метрге төмендеді. 15-16 сәуір күндері Ақмола облысынан су келуге байланысты су торабындағы жағдай өзгереді. Құтқарушылар қазір Қызылжар ауданы мен Петропавл қаласы аумағында жаппай тер төгіп жатыр. Жалпы, СҚО бойынша 910 үй су астында қалды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Заречный, Кожевенный кенті эвакуацияланды, Ойқала шағын ауданының тұрғындарын эвакуациялау жалғасуда. Қызылжар ауданында Тепличное ауылының халқы эвакуацияланды, дәл осындай жұмыстар Прибрежный ауылында да жүріп жатыр. Көптеген азамат эвакуация туралы өтінішті қабыл алды, бірақ қауіпсіз жерлерге көшуден үзілді-кесілді бас тартатын адамдар да бар. Кеше түнде Прибрежный ауылынан адамдар шығарылды, бірақ таңертең олар қайтып келді. Адамдар уақыттың құнды ресурс екенін түсінуі керек, саналы болу керек. Су тасқыны аймағынан бірнеше адамды шығарып, басқа азаматтарға оралу үшін қайықпен бір сағат жүру керек”, – деді СҚО ТЖД бастығының орынбасары Мұрат Қанғожинов.

СҚО жолдарының 18 учаскесінде су шаю жайты байқалады.

“Су “Оңтүстік” БП маңындағы А-16 республикалық жолына жетті, Есіл жақын жерде орналасқан, судың өтуіне байланысты әзірге қозғалыс шектелмеді. Бескөл ауылы бойынша су тасқынының ең жоғары деңгейі өтті, кей жерлерде су деңгейі төмендейді, ауылда 30-ға жуық су басқан үй бар. Біздің барлық күш-жігеріміз үйлерді санауға емес, халық пен жануарларды эвакуациялауға бағытталған”, – деді СҚО ТЖД бастығының орынбасары Мұрат Қанғожинов.

Су тасқынынан зардап шеккен халық тиісті төлемдерді уақтылы алады, деп атап өтті СҚО прокурорының бірінші орынбасары Әбу-Әли Саттар.

“Прокуратурада сенім телефоны пайда болды, онда хабарлама қалдыруға болады, біз өтінішті бірден бақылауға аламыз, әркіммен жұмыс істейтін боламыз. 8 771 362 08 99 нөмірі тәулік бойы жұмыс істейді”, – деді СҚО прокурорының бірінші орынбасары Әбу-Әли Саттар.

Shares