Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да 100-ден аса мехбригада тасқынның салдарын жоюды

СҚО-да 100-ден аса мехбригада тасқынның салдарын жоюды

Облыстық әкімдікте өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтің төрағалығымен су тасқынының зардаптарын жою жөнінде кеңес өтті. Қазір су тасқынынан зардап шеккен тұрғын үйлерді қалпына келтіру – басты назарда, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Тасқынның салдарын жою үшін және қалпына келтіруге келмейтін тұрғын үйлерді бұзу үшін барлық ауданның әрқайсысынан 5 механикалық бригада мен 8 бірлік техникадан жасақталып, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізбек.  

Ойқала ауданында Петропавлдың 30 бригадасы жұмыс істейді. Бұл ықшамауданда Ғ.Мүсірепов, Тайынша, Уәлиханов аудандарының бригадалары да көмекке келмек. Былғары кентінде 4 аудан бекітілді: Есіл, Жамбыл, Шал ақын және Айыртау аудандары.Заречный кентінде М.Жұмабаев, Тимирязев, Ақжар және Мамлют аудандарының бригадалары жұмыс істейді. Аққайың ауданының бригадасы Қызылжар ауданына көмекке жіберіледі.

Жалпы тасқынның салдарын жоюға облыстың түкпір-түкпірінен барлығы 100-ден аса мехбригада жұмылдырылады. Жолдарды жөндеуге және тазалауға 50 техникасы бар 8 жол-құрылыс ұйымы бекітілген, олар қажет болған жағдайда қалпына келтіру жұмыстарына тартылмақ. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жауапты мемлекеттік органдарға қалпына келтіру жұмыстарына қажетті бригадалар мен техникаларды бөліп, жұмыстарды қысқа мерзімде жүргізуді  тапсырды. Сондай-ақ аймақ басшысы құрылыс материалдарының бағасын жасанды түрде көтеруге жол бермеуді тапсырды.

Су кеткесін, тез арада тұрғын үйлерді техникалық тексеру мен бағалауды жүргізу қажет, оның нәтижелері бойынша залалды өтеу туралы шешім қабылдануы керек. Сонымен қатар, бірінші көтергіш сорғы станциясын қалпына келтіру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу тапсырылды.

Shares