Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да 12 белсенді азаматша киіз басудың дымқыл әдісін меңгерді

СҚО-да 12 белсенді азаматша киіз басудың дымқыл әдісін меңгерді

Мереке күндері СҚО-ның белсенді азаматшалары үшін киіз басу бойынша екі күндік мастер-класс өтті. Шараны СҚО Кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесі қолөнершілерді қолдауға және ұлттық қолөнерді дамытуға бағытталған “Бір ауыл – бір өнім” қозғалысы аясында ұйымдастырды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Қолөнердің ежелгі түрін оқыту тәжірибелі жаттықтырушы, этно-дизайнер, Қостанай облысының “QOLONER” қолөнершілер қоғамдық ұйымының басшысы Сәуле Қабидулованың жетекшілігімен өтті.

“Солтүстікқазақстандық 12 әйел, соның ішінде мен киіз басу бойынша шеберлік сабағынан өттім. Аталған шараны ұйымдастырудағы мақсат – осы саладағы ауыл әйелдерінің әлеуетін дамытуға қолдау көрсету және шабыттандыру үшін алған білімдері мен дағдыларын одан әрі беру. Өңіріміздің әйел көшбасшыларына киіз басудың дымқыл әдістері мен техникасын үйрету негізгі міндет болды. Күн өткен сайын қолөнердің бұл түрі танымал бола түсуде, сондықтан ауылда тұратын солтүстікқазақстандықтарға да бұл қызықты болады деп ойлаймыз”, – деп атап өтті СҚО ПП Іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Әсел Есжанова.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың соңында Атамекеннің Кәсіпкерлер палаталарының Іскер әйелдер кеңестерінің төрағалары кірген қазақстандық делегация “Бір ауыл – бір өнім” жобасын іске асырудың қырғыз моделін зерделеу, осы жобаның біліктілігін арттыру, оны Қазақстанда масштабтау мақсатында Қырғыз Республикасына арнайы барған болатын.

Shares