Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да 15 қыркүйекте тұмауға қарсы вакцинация басталады

СҚО-да 15 қыркүйекте тұмауға қарсы вакцинация басталады

СҚО-дағы эпидемиологиялық жағдай туралы ӨКҚ брифингінде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев айтып берді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушы «2024-2025 жылдардың эпидемиялық маусымына арналған тұмау, ЖРВИ және COVID-19 бойынша санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізу туралы» қаулыға қол қойды. Қаулы мыналарды көздейді: медициналық ұйымдардың кіре берісінде «сүзгілердің» жұмысын қамтамасыз ету, бетперделерді пайдалану, антисептиктердің болуы.

2022 жылдан бастап коронавирустық инфекцияға мониторинг ЖРВИ мен тұмауды қадағалаудың қолданыстағы жүйесіне енгізілді. Мониторинг көрсеткендей, қазіргі уақытта елде респираторлық вирустар, соның ішінде КВИ айналымы байқалады.

“Ағымдағы жылдың басынан бері коронавирустық инфекцияның 54 жағдайы тіркелді. Қайтыс болғандар жоқ. Қазақстанда, бүкіл әлемдегідей, Омикрон штаммының әртүрлі нұсқалары таралуда. ЖРВИ, тұмау белгілерімен жүкті әйелдер мен бір жасқа дейінгі балаларды үйге шақыру келіп түскен жағдайда бірінші кезекте қызмет көрсетіледі”,- деді Әсет Жұматаев.

2024 жылғы 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізіледі. Тегін негізде вакцинация тәуекел тобына жататын адамдарға: медицина қызметкерлері, медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған балалар, балалар, сәбилер үйлерінің балалары, қарттар үйлерінің контингенті, эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 2-3 триместрдегі жүкті әйелдер, созылмалы аурулары бар адамдар, 65 жастан асқан адамдар және т. б тіркелген жері бойынша емханада қойылады. Тегін негізде 60 мың адамды егу жоспарлануда.

Shares