СҚО-да 2024 жылдың жазы 1994 жылдың жазындай болуы мүмкін
Ұзақ мерзімді ауа райы болжамына сәйкес, мамыр және маусым айларында орташа айлық ауа температурасы климаттық нормадан 1-2° жоғары болады деп күтілуде, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
“Мамыр айында және жаз айларында өрт қаупінің жоғары және төтенше дәрежесі болжанады. Мамыр мен жазғы кезеңдегі жауын-шашынға келсек, көрсеткіш нормаға жақын және аз болады деп болжануда. Ұзақ мерзімді ауа райы болжамы жылдың сәйкестігіне және сандық климаттық модельдерді талдауға негізделеді”, – деді “Қазгидромет” РМК СҚО бойынша директоры Қымбат Мерғалымова.
Синоптиктер 2024 жылдың мамырын 2001 жылмен сәйкестендіріпті, ал биылғы жаз 1994 жылдың жазымен сәйкес келуі тиіс.