Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да 2024 жылы 8 сүт-тауарлы ферма пайдалануға беріледі

СҚО-да 2024 жылы 8 сүт-тауарлы ферма пайдалануға беріледі

Облыс республикалық сүт көлемінің 10 пайыздан астамын өндіреді. Облыста барлығы 100-ден астам сүт-тауарлы фермасы бар. Өткен жылы жалпы мал басы 4,4 мың құрайтын, өндірістік қуаттылығы 22,0 мың тонна болатын 6 СТФ енгізілді. Ағымдағы жылы 8 СТФ пайдалануға беріледі деп жоспарлануда, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Соңғы 6 жылда облыста жалпы саны 16370 бас сиыр, 81,8 мың тонна сүт өндіретін 32 сүт-тауарлы фермасы іске қосылды. 1000-нан астам жаңа жұмыс орны ашылып, жобаларды жүзеге асыруға 39,5 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылды.

“2023 жылы республика көлемінде Солтүстік Қазақстан облысының жобаларды қаржыландыру тәжірибесі кеңейтілді. Қаражат бөлініп, 19 сүт- тауарлы фермасының құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жылы жалпы саны 7500 бас, сүт өндіру қуаты 37,5 мың тонна болатын 8 СТФ пайдалануға беріледі деп жоспарлануда”,- делінген ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының хабарламасында.

Тиімді жобаларды іске асыру нәтижесінде соңғы 5 жылда ұйымдасқан шаруашылықтарда сүт өндіру көлемі 86,3 мың тоннаға артты, ал жалпы облыс бойынша сүт өндіру 114,5 мың тоннаға (555-тен 669,5 мың тоннаға) дейін ұлғайды.

Shares