Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да 611 азаматтың мәселесі қаралды

СҚО-да 611 азаматтың мәселесі қаралды

СҚО-да Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтті. Бұл шара Президенттің бастамасымен қолға алынған «Тыңдайтын мемлекет» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Қабылдауды облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, құқық қорғау органдары мен атқарушы органдардың басшылары, аудан әкімдері жүргізді.

Ашық қабылдау солтүстікқазақстандықтардың үлкен қызығушылығын тудырды. Петропавлда және бүкіл аудандарда қабылдауға 611 адам келді. Азаматтар баспана, абаттандыру, коммуналдық шаруашылық, жер және әлеуметтік мәселелерді көтерді.

Бүкіл мәселелер бойынша ақпарат пен кеңес берілді. Солтүстікқазақстандықтардың мәселелерін шешу үшін мемлекеттік органдардың басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді. Оның орындалуы облыс әкімінің  бақылауында болады.

“Азаматтарды бірыңғай қабылдауды өткізу оның қажеттілігін көрсетті. Біз оны дәстүрлі қыламыз. Осы форматта жылына екі рет барлық мемлекеттік органдардың қатысуымен үлкен қабылдау өткізуді жоспарлап отырмыз”, – деді өңір басшысы.

Shares