Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да 8,3 мың гектардан астам пайдаланылмаған жер мемлекет меншігіне қайтарылды, құны 95,7 млн теңгені құрайды

СҚО-да 8,3 мың гектардан астам пайдаланылмаған жер мемлекет меншігіне қайтарылды, құны 95,7 млн теңгені құрайды

Прокуратура органдары пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін анықтау және қайтару бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. QZ News хабарлауынша, СҚО-да биылғы жылдың басынан бері қадағалау органы жалпы ауданы 125 мың гектардан асатын 34 жер учаскесінің мақсатты пайдаланылмағанын анықтады.

Ақжар, Тимирязев, Уәлиханов аудандарының жер пайдаланушылары Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, ұзақ уақыт бойы ауыл шаруашылығы мақсатындағы 34 жер учаскесін өз мақсатына сай пайдаланбаған.

«Қадағалау актілері бойынша жалпы ауданы 8,3 мың гектардан асатын, кадастрлық құны 95,7 миллион теңгені құрайтын 8 жер учаскесі қайтарылды. Қазіргі уақытта олар заңды экономикалық айналымға тартылуда. Қалған жер учаскелерін қайтару жұмыстары жалғасуда», – деп хабарлады СҚО прокуратурасы.

Shares