Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да алдағы үш күнде қар жауып, жел соғады

СҚО-да алдағы үш күнде қар жауып, жел соғады

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 7 қарашада СҚО мен Петропавлда бұлт тұтасады, қар жауады, боран соғады, көктайғақ болады, температура -3-5 ° C құрайды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

8 күні облыс орталығында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды, температура -4-6 ° С құрайды. 9 қарашада күн бұлтты болады, қар, көктайғақ, боран, -3-5 ° С күтіледі. Күні бойы қатты жел соғады.

7 қарашада облыс аумағында қар, көктайғақ, боран, -1-6 ° C, 15-20 м/с жел күтіледі, солтүстік, оңтүстік, шығыста екпіні 23-28 м/с, кей жерлерде 30 м/с жетеді және одан да жоғары болады. 8 қарашада облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар, көктайғақ, боран, -4-9 ° С күтіледі. Желдің екпіні 9-14 м/с құрайды, батыста, солтүстікте, шығыста 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. 9 қарашада облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар, көктайғақ, боран, -2-7 ° С күтіледі. Өңірдің батысында, солтүстігінде, шығысында 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 25 м/с жетеді.

Shares