СҚО-да апатты жағдайдағы ауыл мектебінің орнын жаңа мектеп басты
ҚР Конституциясы күні және жаңа оқу жылы қарсаңында Драгомировка ауылында жаңа мектеп ашылды. Бұрынғы ғимарат апатты жағдайда болған еді, бір жылдың ішінде жаңа мектеп бой көтерді. Мектеп ұжымы мен ауыл тұрғындарын СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қуанышты жаңалықпен құттықтады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Мемлекет басшысы балалардың білум алуына бар жағдайды жасау керектігін баса айтты. Айта кету керек, мектептің құрылысына қаржы білім инфрақұрылымы қорынан бөлінді.
Осының арқасында ауыл балалары мен ұстаздарына бар жағдай жасалып отыр. Аймақ басшысы мектеппен танысты, әр сыныптың мүмкіндігін сұрады.
Жыл артқан сайын аймақтың білім беру саласында оң өзгерістер орын алуда. Облыс орталығында арнаулы-мектеп, “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы аясында “Орман” және “Берекеде” екі мектептің құрылысы аяқталуға жақын. “Жас Өркен” және “Копай” шағын аудандарында тағы екі мектептің құрылысы басталмақ.
Сондай-ақ, “Берекеде” балабақша құрылысы аяқталуға жақын. Жаңа “Бірлік” шағын ауданында балабақша құрылысы аяқталуда. Болашақта “Жас Өркен” шағын ауданында балабақша салу жоспарланған.