СҚО-да ауыл тұрғындары мерекелік көңіл-күйде дауыс беруде
СҚО-ның Есіл ауданына 2020 жылы көшіп келген 7 отбасы мүшелері ұлттық киіммен референдум учаскесіне келді. Жерлестеріміз осылайша атом электр станциясын салу мәселесі бойынша бастау алған жалпыұлттық шарада дауыс берді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
СҚО ӨКҚ атап өткендей, олар біздің ортақ үйіміз – Қазақстанның бүгінгі күнін ғана емес, болашағын да қозғайтын шешімнің маңыздылығын сезіне отырып, жоғары азаматтық жауапкершілік танытты. Олардың бірлесе қатысуы елдің тұрақты және гүлденген болашағына ұмтылған халықтың тұтастығы мен бірлігін білдіреді.