Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да ауылдық округ әкімі бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктенді

СҚО-да ауылдық округ әкімі бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктенді

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында Ғ. Мүсірепов ауданы Ломоносов ауылдық округі әкіміне қатысты тәртіптік іс қаралды. Оның қатысушылары шенеуніктің мемлекеттік сатып алулар туралы заңнаманы бұзғанын немесе бұзбағанын анықтауға тырысты, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Өткен жылдың қараша айында Ғ. Мүсірепов ауданының Ставрополка ауылында жолдарды орташа жөндеу бойынша шарт жасалды. Шарт шеңберінде жұмыстардың орындалу сапасын қадағалау бойынша қосымша мемлекеттік сатып алулар жүргізілді. Тәртіптік іс материалдарына сәйкес, жұмыстардың нақты орындалуы ескерусіз қалған. Техникалық қадағалау актісі негізінде ғана қаражат төленгені жөнінде бұзушылықтар анықталды”, – деді облыстық әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Дулат Тайшабай.

Қызметтік тергеу жүргізілді, нәтижесінде техникалық қадағалау жұмыстары жүргізілгені анықталды. Олар үшін қаражат аударылды. Тиісті жөндеу биылғы жылы жасалады.

“Орташа жөндеу жұмыстары екі жылға жалғасады. Сондай-ақ, бұл шарт әлі де орындалу сатысында, яғни тағы екі жыл ішінде орындалған жұмыстардың сапасын анықтау және техникалық қадағалау бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Сонымен қатар, бұл жайтты
прокуратура тексерді. Қорытындысы бойынша округ әкімі мердігерге хат жазды. Ал мердігер тиісті соманы аударып, бюджетке өтелді”, – деді Дулат Тайшабай.

Отырыс барысында әдеп жөніндегі кеңес мүшелері Ломоносов ауылдық округінің әкіміне қатысты тәртіптік істі тоқтату қажет деген қорытындыға келді.

Shares