Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да екі оңалту орталығы ашылады

СҚО-да екі оңалту орталығы ашылады

Әлеуметтік қоғамдық қордың төрағасы Болат Жәмішев өңірімізге жасаған жұмыс сапары барысында көпсалалы облыстық балалар ауруханасының оңалту орталығында болды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Балаларды оңалту орталығының бөлімшелері науқастардың қозғалыс қабілетін қалпына келтіруге, жүктемеге дайындалуға және хал-жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді. Бұған заманауи жабдықтар көмектеседі.

«Айталық, бұрын балалар бір мүшелерін сындырып алса, гипс салынатын, белгілі бір уақыттан кейін ол алынып тасталатын және олармен әрі қарай ешкім жұмыс істемейтін. Қазір бәрі өзгерді. Орталықта қарқынды жұмыс істеудің арқасында балалардың қолдары толықтай жұмыс жағдайына келтіріледі. Мүгедектер арбасындағы балаларда, 14 баладан кейін оңалту әлеуеті 80%-ға жақындайды. Бұған қуанбасқа болмайды»,- дейді көпсалалы облыстық балалар ауруханасының директоры Нұрлан Айманов.

Болат Жәмішев атап өткендей, Солтүстік Қазақстанда көпсалалы облыстық балалар ауруханасы мен Тайынша ауданаралық ауруханасы базасында екі оңалту орталығын ашу жоспарлануда. Жобаны «Қазақстан халқына» әлеуметтік қоғамдық қоры қаржыландырады.

Shares