СҚО-да экологтар 80-нен астам апатты қоқыс алаңын анықтады
СҚО-да мобильді жұмыс тобы 82 апатты қоқыс алаңын анықтады. Бұл – қалдықтарды заңсыз орналастыру орындары. Бүгінде Петропавл қаласы, Қызылжар, Аққайың, Есіл, Мамлют, Айыртау аудандары бойынша 28 орын жойылды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі. Бұл туралы ӨКҚ брифингінде экология департаменті басшысының м.а. Жаслан Сәдуев айтты.
Спикер атап өткендей, кінәлі адамдарды анықтау және жауапқа тарту бойынша шаралар қабылдау үшін жергілікті атқарушы органдарға және Петропавл қалалық және аудандық полиция бөлімдеріне тиісті хаттар жолданды.
Бүгінгі таңда ҚТҚ-ны орналастырудың 450 объектісі бар, оның ішіндегі 352-ге жер актілері ресімделген және ҚТҚ-ның 11 полигонына ғана тиісті рұқсат құжаттамасы рәсімделген.