СҚО-да кәмелетке толмағандар арасында суицидтің өсуі байқалады
Жыл басынан бергі дерекке сүйенсек, СҚО-да кәмелетке толмағандар арасында суицидтің өсуі байқалады. Бұл туралы СҚО ӨКҚ брифингінде облыс прокурорының аға көмекшісі Виктор Найда айтты, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
“Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде (2024 жылғы 10 мамырдағы жағдай бойынша) аймақта суицид фактілерінің өсуі байқалады – Айыртау және Ғ.Мүсірепов аудандарында 0-ден 2 жайтқа дейін (қала – 5, Жамбыл ауданы – 1). Бұл – негізінен орта және орта кәсіптік мекемелерде оқитын балалар”, – деді Виктор Найда.
Мұндай балалардың жартысы толық емес отбасыларда, оның ішінде туыстарында тәрбиеленгені атап өтілді.
Құқық қорғау органдары қаза тапқандардың туыстары мен өз-өзіне қол жұмсамақ болған адамдар арасында сауалнама жүргізген. Нәтижесінде жағымсыз жайттардың бірнеше себебі анықталыпты.
Негізгі себептер – отбасындағы түсініспеушілік пен жанжал, қатарластарына деген реніш, жалғыздық және бас тарту сезімі.