Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да онкологиялық аурулары бар науқастарды емдеуге арналған жаңа жабдық орнатылды

СҚО-да онкологиялық аурулары бар науқастарды емдеуге арналған жаңа жабдық орнатылды

ҚР денсаулық сақтау министрлігі Онкологиямен күрес бойынша 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспар шеңберінде ел өңірлерінде сәулемен емдеуге бағытталған жабдықтар паркін жаңартуда. Атом энергиясы жөніндегі Халықаралық агенттік ұсынымдарына сәйкес сәулемен емдеу онкологиялық аурулары бар науқастардың 60-70%-ын қамтуы керек. Қазақстанда бұл көрсеткіш 30,6%-ға тең, деп хабарлайды QZ News тілшісі ҚР денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Өмірлік қажетті терапияға қолжетімділікті арттыру үшін “Қазақстан халқына” қайырымдылық қорымен бірге 16 заманауи желілік жеделдеткіш сатып алып, орнату туралы мәселе қаралуда. Бұл науқастарды емдеумен қамту деңгейін айтарлықтай арттыруға және оны халықаралық стандарттарға жақындатуға септік етеді.

“Бүгінгі таңда елімізде 10 өңірде жұмыс істейтін 15 желілік жеделдеткішті қоса алғанда сәулемен емдеуге арналған 32 аппарат қойылып үлгерді. Қазіргі уақытта Алматы, Астана қалалары мен Абай, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстары сияқты өңірлерде жаңа жабдықтарды орнату аяқталды”,- делінген ҚР денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Денсаулық сақтау министрлігі онкологиялық аурулармен күресу және өлім-жітімді азайту үшін жабдықтарды жаңғырту және жаңа технологияларды енгізу ісін жалғастыра береді.

Shares