Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да полицейлер жол жиегіне шығып кеткен көлік жүргізушісіне көмектесті

СҚО-да полицейлер жол жиегіне шығып кеткен көлік жүргізушісіне көмектесті

Алғашқы жауған қар Солтүстік Қазақстандағы жол қозғалысының қатысушылары үшін үлкен алаңдаушылық туғызды. Астана — Петропавл тасжолының 415-шақырымында Аққайың ауданы Рублевка ауылының маңында Hyundai Sonata жүргізушісі көктайғақта автокөлігін басқара алмай, жол жиегіне түсіп кетті, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Қуанышқа орай, жүргізуші де, оның жұбайы да зардап шеккен жоқ. Ер адам “102” арнасына жүгінді. Шақыруға учаскелік полиция инспекторы Әсет Ризыханов барды. Ол “Зенченко” ЖШС-ден тракторды көмек ретінде сұрады. Қысқа мерзімде автокөлік жолға шығарылды.

Сондай-ақ қиын жағдайға тап болған автокөлік жүргізушісіне СҚО ПД патрульдік полиция батальонының командирі Валихан Оразалин мен оның орынбасары Рүстем Испердинов көмек көрсетті.

“Осындай оқиға Подгорное ауылының маңында, жолдың 941-шақырымында болды. ППБ қызметкерлері бұл жерде де көмек көрсетті. Жүргізушілерден Солтүстік Қазақстанның күрделі ауа райы жағдайларында сақ болуды сұраймыз. Қазіргі уақытта Петропавл маңында және Қызылжар, Мамлют, Есіл, Жамбыл аудандары мен Мағжан Жұмабаев ауданының аумағында жауын-шашын байқалады, кей жерлерде көктайғақ пайда болуы ықтимал”, – дейді Валихан Оразалин.

Полиция қызметкерлері мүмкіндігінше ауа райының қолайсыздығында жүргізушілерге жазғы дөңгелектермен жүруден бас тартуға, жолда сақ болуға, жылдамдықты төмендетуге және көліктер арасындағы қашықтықты арттыруға кеңес береді

Shares