Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да қараша айының соңында жаңа май экстракциялық зауыты іске қосылады

СҚО-да қараша айының соңында жаңа май экстракциялық зауыты іске қосылады

«Масло-Дел Петропавловск» ЖШС жаңа май экстаркциялық зауытының құрылысын аяқтады. Кәсіпорын жылына 370 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтін болады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарламасында айтылғандай, кәсіпорында Германия, Бельгия және Түркия елдерінде жасалған заманауи қондырғылар орнатылған. Қазіргі уақытта тұқымдарды алу, дайындау және қабылдау цехтарының, сондай-ақ сорғы мен қазандықтың құрылысы аяқталды. Жабдықтарды іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Өндірістің іске қосылуы ағымдағы жылдың қараша айының соңына жоспарланған. Жобаның құны 34 млрд теңгені құрады.

Зауыт өнімдеріне күнбағыс және зығыр майы, сондай-ақ күнжара кіреді. Сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін өндіріс кезінде суық сығымдау технологиясы қолданылатын болады.

Shares