СҚО-да ҚАЖД қызметкерлері 100-ден астам ардагерді құттықтады
СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің ардагерлер ұйымы 570 ардагерді біріктіреді. Мереке қарсаңында тәртіп сақшылары олардың 105-ін құттықтап, тұрғылықты жеріне барып, естелік сыйлықтарды табыстады, сондай-ақ материалдық көмек көрсетті, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Департамент қызметкерлері жыл сайын ардагерлер мен зейнеткерлерге көп жылдық адал еңбегі мен жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан баға жетпес үлесі үшін көңіл бөлуге арналған іс-шаралар өткізуді дәстүрге айналдырды.
Ерекше назар ең қарт ардагер Людмила Терещенкоға аударылды. Биыл ол 94 жасқа толды, оның 30-ын ЕС-164/3 мекемесінде жұмыс істеуге арнады. Людмила Петровна еңбек сіңірген демалысына 1990 жылы жоспарлау-экономикалық бөлімінің бастығы лауазымынан шықты.
Сонымен қатар, қызметкерлер ішкі істер органдарында 24 жыл жұмыс істеп, қызметін ЕС-164/9 мекемесінің колония бастығының кезекші көмекшісі ретінде тәмәмдаған Қабдеш Қасеновке барды. Кейін ол жалдамалы қызметкер ретінде мекеме аумағында орналасқан РМК-ның қосалқы шаруашылығында шебер болып жұмыс істеуді жалғастырды. Қазіргі уақытта ардагер барлық уақытын сегіз немеренің тәрбиесіне арнайды. Қызметкерлер Қабдеш Қабжанұлына отбасылық әулетін жалғастыра отырып, №52 мекемеде сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс жөніндегі топтың инспекторы ретінде қызмет атқарып жатқан қызы Қанағатты тәрбиелегені үшін алғысын білдірді.