СҚО-да құнды шаянды заңсыз аулағандар 10 жылға дейінгі мерзімге сотталуы мүмкін
СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің назарына үш адамнан тұратын топ түсті. 33 және 22 жастағы екі петропавлдық, сондай-ақ Қызылжар ауданының 33 жастағы тұрғыны артемия салина шаяны жұмыртқаларын заңсыз аулаған деп күдіктенеді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Олар облыстық прокуратураның үйлестіруімен өзара іс-қимыл жасау кезінде ұсталды. Заңсыз өндіру Мамлют ауданы аумағындағы Меңкесер тұзды көлінде жүргізілген. Оқиға орнынан полицейлер жалпы салмағы 460 килограммды құрайтын 6 қапқа салынған шаян жұмыртқалары тәркіленді. Жүргізілген сараптама мемлекетке келтірілген зиянды 3 миллион 712 мың теңгеге бағалады.
«Заңнама талаптарына сәйкес, топтың құрамында балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау 6 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады», – деп хабарлайды СҚО ПД бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.