Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да республикалық акция аясында 19,5 мың ағаш көшеті отырғызылды

СҚО-да республикалық акция аясында 19,5 мың ағаш көшеті отырғызылды

Облыс аумағында “Таза табиғат” жалпыұлттық науқаны аясында “Бүкілқазақстандық орман отырғызу күні” акциясы өтуде. Шараға 1,5 мың адам қатысады. Бүгін табиғатқа бей-жай қарамайтын жұртшылықтың, еріктілердің, кәсіпорындардың күшімен облыстың түкпір-түкпірінде 19 мыңнан астам түрлі ағаш көшетін егу жоспарланған, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Солтүстікқазақстандықтар бұл акцияға қосылуға шешім қабылдады. Жеңіс саябағына ағаш отырғызамыз. Петропавлдың әртүрлі бөліктеріне 500 көшет отырғызылады. Ал облыс бойынша 19,5 мың ағаш көшеті егіледі. Акция облыстың барлық аудандарында өтуде. Шараның маңызы зор. Бұл – экология мәселесіне тікелей қатысты бастама”, – деді СҚО әкімінің орынбасары Рүстем Құрманов.

Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыпта өтеді. 1-ші апта (6, 13 сәуір) “Таза өлке” атауымен өтеді. Тұрғындар, қоғам қайраткерлері, ұйымдар, кәсіпорындар өз аумақтарын, аулаларын тазалайды. 2-ші апта (20 сәуір) – “Киелі мекен”. Ол тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыру жұмыстарына арналады. 3-ші апта (27 сәуір) – “Жасыл аймақ”. Бұл күні ағаш көшеттерін отырғызу, екпелерді әктеу ұйымдастырылады. 4-ші апта (4 мамыр) – “Өнегелі ұрпақ”. Мұнда ардагерлердің аулалары мен қарттар үйлерінің аумақтарын жинау және абаттандыру ұйымдастырылады. 5-ші апта (11 мамыр) – “Мөлдір бұлақ”. Бұл аптада өзендер мен көлдердің айналасын қоқыстан тазарту ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, көктемгі кезеңде орман қоры аумағында 12 млн түп қарағай мен қайың көшеттерін отырғыза отырып, 2900 гектар алқапқа ағаш отырғызу жоспарланған. Елді мекендерді көгалдандыру және өңірдің орман алқаптарын ұлғайту жөніндегі жұмыстар тұрақты негізде бақыланады.

Shares