Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да сауда департаменті тұтынушыларға 5 млн теңгеден астам қаржыны қайтаруға көмектесті

СҚО-да сауда департаменті тұтынушыларға 5 млн теңгеден астам қаржыны қайтаруға көмектесті

2024 жылдың 9 айында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне тұтынушылардың 368 өтініші келіп түсті. Салалар бойынша ең көп шағымдар келесі салаларда байқалады: бөлшек саудада – 28,0%; электрондық саудада – 46,7%; тұрмыстық қызмет көрсету – 3,3%; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық –6,0%. Бұл жайлы тілшілерге Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Қанат Жеңісбекұлы мәлімдеді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

«Департамент тұтынушылардың құқықтарын қорғауға және оларға 5 321 037 теңге көлемінде ақшалай қаражатты қайтаруға жәрдем көрсетті, оның ішінде бөлшек сауда саласында – 2 116 746 теңге, электрондық сауда саласында – 1 876 860 теңге, тұрмыстық қызмет көрсету саласында – 1 323 401 теңге қайтарылды. Ағымдағы жылдың 9 айында жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа 13 жаза қолдану туралы қаулы шығарылды, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді»,- деді СҚО бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Қанат Жеңісбекұлы.

Департамент басшысының сөзінше, сауда қызметін реттеу саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін 125 кәсіпкерлік субъектісі әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

«Оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің мөлшерінен асырғаны үшін – 124 бизнес субъектісі және витринада және кассалық чекте көрсетілген тауар бағасының айырмасы үшін 1 субъект әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Оның ішінде 12 субъект мемлекет кірісіне жалпы сомасы 895 310 теңгеге әкімшілік айыппұл төледі, қалғандарына ескерту түрінде әкімшілік жаза қолданылды»,- деді Қанат Жеңісбекұлы.

Shares