Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да соңғы аптада 2500-ден астам ЖРВИ жағдайы тіркелді

СҚО-да соңғы аптада 2500-ден астам ЖРВИ жағдайы тіркелді

Бүгінгі күні СҚО-да ЖРВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай аурудың маусымдық өсуімен сипатталады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

2024-2025 жылдардағы эпидемиологиялық маусымда ЖРВИ-ның 14920 жағдайы тіркелді. Аурудың ең көп саны 14 жасқа дейінгі балалар арасында байқалады – 9847 жағдай. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Солтүстік Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев хабарлады.

“Соңғы аптада ЖРВИ-мен сырқаттанудың 2773 жағдайы тіркелді, өткен аптамен салыстырғанда 1,5 есеге өскені байқалады. Жаңа эпидемиялық маусым кезеңінде тұмау оқиғасы тіркелген жоқ. Алайда, ЖРВИ-мен ауыратын науқастардан тұмауға ұқсас вирустарға оң нәтижелер тіркелуде. Олар ПТР әдісімен анықталды: 8 парагрипп, 12 риновирус, 7 аденовирус, 2 метапневмовирус, 3 бокавирус”, – деді Солтүстік Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев

Shares