Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да су тасқыны салдарынан 634 адам эвакуацияланды

СҚО-да су тасқыны салдарынан 634 адам эвакуацияланды

Солтүстік Қазақстан облыстық ТЖ департаментінің мәліметінше, Есіл өзенінің жайылмасы толып жатыр, Шал ақын, Есіл және Қызылжар аудандарының жақын орналасқан елді мекендерін, Петропавл қаласына қарасты Заречный кентін су басу қаупі бар, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Бір тәулік ішінде Есіл ауданының 3 елді мекенінде, атап айтқанда Покровка, Николаевка, Петровкада Есіл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты 56 жеке тұрғын үй су астында қалды. СҚО ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың күшімен 68 адам эвакуацияланды және туыстарына орналастырылды, оның ішінде 22 бала бар”, – делінген СҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сондай-ақ, Шал ақын ауданы Янко ауылында еріген судың ағуына байланысты 6 жеке тұрғын үйге су кірді. Олардың тұрғындары, атап айтқанда 17 адам, оның ішінде 6 бала туыстарының үйіне эвакуацияланды. Қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдар мен СҚО ТЖД күштерімен суды айдау және бұру жұмыстары жүргізілуде.

“Жақын күндері облыс орталығына жақын Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуі күтілуде. Кешкі уақытта Заречный кентінде құтқарушылардың, полиция қызметкерлерінің және жергілікті атқарушы органдардың күшімен эвакопунктке және туыстарына 259-дан астам адам, оның ішінде 6 бала алдын ала эвакуацияланды. Түсіндіру жұмыстары жүргізілуде”, – делінген бейінді ведомство баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта СҚО-да 76 үй, 174 үй маңындағы аумақ су астында қалып отыр, 634 адам, оның ішінде 101 бала эвакуацияланды. Олар эвакуациялық пункттерге және туыстарына орналасты. 1700-ден астам жануар қауіпсіз жерге көшірілді.

Shares