Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да су тасқынына байланысты 700-ден астам оқушы емтихан тапсырайды

СҚО-да су тасқынына байланысты 700-ден астам оқушы емтихан тапсырайды

Солтүстік Қазақстан облысында 4-ші тоқсанда 58 мектепте тіркелген 33,5 мың оқушы үшін оқыту жиі қашықтықтан жүргізілді. Бұл су тасқынына байланысты орын алды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Облыстың 7 мектебінде ең күрделі жағдай тіркелді, бұл – Қызылжар ауданының 4 мектебі және Петропавл қаласының 3 мектебі. Сондықтан, осы мектептердің барлық оқушылары үшін ТЖБ және БЖБ-ны өткізбеу туралы шешім қабылдадық. Сонымен қатар, Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығымен облыстың 5 мектебіндегі 754 оқушы ауыспалы және қорытынды емтихандардан толық босатылды”, – деп мәлімдеді СҚО білім басқармасы басшысының м.а. Татьяна Протопопова.

Қалған оқушыларға келетін болсақ, биыл алғаш рет 5-8, 10 сынып оқушылары оқыту тіліне қарамастан қазақ тілінен емтихан тапсырады.

“27-31 мамыр күндері аралығында 33 мың оқушы қазақ тілі бойынша емтихан тапсырады. Негізгі мектептің курсын, яғни 9 сыныпты 6 972 оқушы аяқтайды. Олар үшін қорытынды емтихандар 29 мамыр мен 10 маусым аралығында өтеді”, – деді Татьяна Протопопова.

Жалпы орта білім беру курсын 3 331 оқушы аяқтайды. 11-сынып түлектеріне арналған мемлекеттік емтихандар 28 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді. Облыста 11-сыныптың 85 түлегі – “Алтын белгі” жоғары мектеп наградасына, ал үздік аттестатқа 177 түлек үміткер. Сонымен қатар, үздік аттестатқа 9 сыныптың 382 оқушысы да үміткер.

Shares