Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да су тасқынына дайындық басталады

СҚО-да су тасқынына дайындық басталады

СҚО-да 2025 жылғы су тасқынына дайындық басталды. СҚО ТЖД бастығы полковник Жомарт Асқаров Қызылжар ауданы аумағында жүргізіліп жатқан су тасқынына қарсы іс-шаралармен танысты, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Жомарт Асқаров Қызылжар ауданы әкімдігінің өкілдерімен бірлесе отырып, Бескөл, Прибрежное ауылдары мен Тепличное кентінің аумағында болды. Мұнда жалпы ұзындығы 14 шақырымнан асатын қорғаныс бөгеттерін нығайту және салу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды көрді.

«2024 жылғы жазғы-күзгі кезеңдегі инженерлік жұмыстар жоспарын іске асыру барысында СҚО-да 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша 29 іс-шара орындалды, 42 іс-шара бойынша жұмыстар жүргізілуде», – деп хабарлады СҚО ТЖ департаменті.

Shares