СҚО-да су тасқынына қарсы шараларға қатысқан 300 жауынгер үйлеріне қайтты
Бескөл ауылының орталық алаңында су тасқынымен күресу үшін басқа облыстардан келген 68665 әскери бөлімінің 300 сарбазын шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
“Әскерилердің отаншылдығы, батылдығы, тәртіптілігі мен туған жерге деген адалдығы үшін алғысымды білдірдім. Алғашқы күннен бастап жас сарбаздар топан сумен күресуге бар күш-жігерін салып, траншеялар қазып, қаптар төсеп, бөгеттерді нығайтуға кірісті. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында біз адамдардың өмірін сақтап қалдық”, – деп жазды СҚО әкімі әлеуметтік желіде.
Әскерилердің арасында бір апта бұрын қызметін аяқтаған 51 сарбаз бар екенін атап өткім келеді. Бірақ олар бізге көмектесу үшін қалып, аянбай еңбек етті.
“Нағыз ер азаматтарды, еліміздің азаматын өсіргені үшін ата-аналарына бас иіп, алғысымды білдіремін”, – деп қосты аймақ басшысы.
Айта кетейік, сарбаздар 8 күні өңірге келіп, 3 жұмаға жақын тасқынға қарсы шараларға қатысты.