Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да тәртіптік жаза қолдану туралы 14 актінің күші жойылды

СҚО-да тәртіптік жаза қолдану туралы 14 актінің күші жойылды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті 2024 жылдың 8 айы ішінде жүргізілген талдау қорытындысы бойынша тәртіптік жаза қолдану туралы 14 актінің күшін жойды. Сол себепті, Тимирязев, Ақжар, Жамбыл, Есіл, Айыртау аудандарында, Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда және Петропавл қаласында 14 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Айта кету керек, тәртіптік жазаны заңсыз қолдану мемлекеттік қызметшінің тәртіптік жауапкершілікке тарту кезінде құқығын бұзады. Жиі жол берілетін бұзушылықтарға тәртіптік жаза қолдану мерзімдерін бұзу жатады. Сондай-ақ, басқа да бұзушылықтар кездеседі, мысалы: жазбаша түсініктемені талап етпеу, тәртіптік теріс қылық материалдарын сапасыз және біржақты қарау, сондай-ақ, қызметтік тергеп-тексеру жүргізу және тәртіптік жаза қолдану туралы актіні рәсімдеу кезінде бұзушылықтар жатады.

“Департамент әрқашан мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғауда, құқықтарды бұзу фактісін анықтаған кезде оларды қалпына келтіру үшін барлық шараларды қабылдайды. Заңсыз тәртіптік жауапкершілікке тартуға байланысты мәселелер туындаған жағдайда, мемлекеттік қызметшілер Департаментке жүгіне алады”,- дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы
Дархан Ермеков

Shares