Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да телемедицина жобасының көмегімен 1700 науқасқа қашықтан жәрдем жасалды

СҚО-да телемедицина жобасының көмегімен 1700 науқасқа қашықтан жәрдем жасалды

Көпбейінді облыстық аурухана базасында СҚО-да бастау алған телемедицина жобасының қорытындысы шығарылды. Жобаны Франция елі қаржыландырды, қаржы көлеміне келсек, біздің аймақта жүзеге асыру үшін 650 мың еуро инвестициялады. Тың бастама аясында аудандар мен облыс орталығының дәрігерлері жұмыс істейді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“СҚО халқы үшін медициналық көмек қолжетімді болуы қажет, сол үшін бұл жоба керек. Өзіміз білетіндей, облыс орталығынан шалғай аудандарға дейінгі қашықтық 500 км-ге жетеді. Науқастардың уақыты мен қаржысын үнемдеу үшін телемедицина енгізілді. Біз осы жабдық арқылы 1700-ден астам пациентке кеңес бердік. Гастроэнтеролог, лор, пульмонологтар, көпбейінді облыстық аурухананың акушер-гинекологтары әр түрлі жастағы адамдарға қашықтан кеңес бере алады”, – деді көпбейіндң облыстық аурухананың бас директоры Сәкен Әмрин.

Өткен жылдың соңында франциялық жабдықтар облыстың 6 ауданына орнатылды, жерлестеріміз оларды 2024 жылдың қаңтарында қолдана бастады. Телемедицина мүмкіндіктерін Тайынша, Уәлиханов, Ақжар, М. Жұмабаев және Жамбыл аудандарының тұрғындары бағалай алады. Аталған аудандардың тұрғындары аудан орталығынан алыстамай, медициналық қызмет алуда.

“Біз жаңа жабдық арқылы алғашқы консультацияны 11 қаңтарда өткіздік, сол сәттен бастап бүгінгі күнге дейін 635 консультация өткізілді, оның ішінде ішкі консультациялар – 250. Благовещенское дәрігерлік амбулаториясында телемедицина кешені тұр, Пресновка ауылында тағы бір кешен орнатылған. Благовещенское дәрігерлік амбулаториясына біздің мамандар, сондай-ақ облыстық балалар ауруханасы мен облыстық аурухананың мамандары кеңес береді. Пациенттерге ұнайды, олар уақытты үнемдейтіндерін айтады, дәрігерлер де оң пікір білдіруде”, – деді Жамбыл аудандық ауруханасының директоры Бақыт Қашағанова.

Солтүстік Қазақстан облысы – телемедицинамен байланысты жобаны елімізде алғаш енгізген өңір.

“Біз бірге үлкен және маңызды жұмыспен айналыстық. Иә, жылдам жүзеге аспады, алдымен келіссөздер жүргізілді, содан кейін жабдықтар әкелінді және олар орнатылды, содан кейін медицина қызметкерлерін оқыту жүргізілді. Енді нәтижеге қол жеткізе отырып, жоба жұмыс істейді, адамдарға пайда әкеледі деп айта аламыз. Бұл – ең бастысы дегім келеді”, – деді “СЗMedical” компаниясының бас директоры Жером Суастье.

Shares