Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да үш және алты жастағы екі бала улану салдарынан қайтыс болды

СҚО-да үш және алты жастағы екі бала улану салдарынан қайтыс болды

Қызылжар ауданында бүтін бір отбасы тамақтан уланды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі. Салдарынан екі бала қайтыс болды.

СҚО полиция департаментінің мәліметінше, Қызылжар ауданында бүтін бір отбасының улануы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмысы басталды. Ақпарға сүйенсек, үш және алты жастағы екі бала қайтыс болып, олардың үш туысы медициналық мекемеге жеткізілген.

“Бұл факт “Абайсызда адамдардың жаппай улануына және абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерді бұзу” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді”, – делінген хабарламада.

Ал Солтүстік Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері қазіргі уақытта эпидемиологиялық тексеру жүргізіліп жатқанын, іріктелген сынамалар зертханада екенін мәлімдеді.

Shares