Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да «Жас батыр» әскери-патриоттық орталығы ашылды

СҚО-да «Жас батыр» әскери-патриоттық орталығы ашылды

Петропавлда «Жас батыр» атты облыстық деңгейдегі жаңа әскери-патриоттық орталықтың ашылуы өтті. Ол Д.М.Карбышев атындағы №40 орта мектеп базасында жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

«Жас батыр» облыстық білім басқармасының дене шынықтыру, спорт және АӘД аймақтық оқу-әдістемелік орталығында ашылды. Мұндай орталықты ашу бастамасын бейінді ведомство, сондай-ақ СҚО «Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектері» ҚБ көтерді. Аймақ басшысының тапсырмасы бойынша 49 млн теңге бөлінді. Ақша баспалдақ аралығын және үш кабинетті жөндеуге жұмсалды”, – деді СҚО білім басқармасының дене шынықтыру, спорт және АЭД аймақтық оқу-әдістемелік орталығының директоры Қанат Сәдуақас.

Орталықтың ашылуына облыстық білім басқармасының, СҚО және Перопавл қалалық қорғаныс істері жөніндегі департамент пен басқарманың өкілдері, Ауған соғысының ардагерлері, «Жас Сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты.

«Жас батыр» әскери-патриоттық орталығы №40 орта мектептің 3-ші қабатындағы 200 шаршы метрге жуық ғимаратта орналасқан. Онда әскери-патриоттық тәрбие бойынша сабақтарға арналған зал бар, Ұлы Отан соғысына, сондай-ақ Ауғанстандағы соғысқа арналған мұражай орын тепті, музейге 2 мыңға жуық жәдігер жиналды.

“Кейбір экспонаттарды екі залға қойдық, сыймаған дүниелер қоймада сақталады және басқа да іс-шараларда міндетті түрде таныстырылады. Бізде 100 жылдан асқан экспонаттар бар. Оларды орталыққа қоғам қайраткерлері, Ауған соғысы ардагерлері ұсынды”, – дейді Қанат Сәдуақас.

«Жас батыр» жаңа әскери-патриоттық орталығының қабырғасында облыстық және республикалық конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, тақырыптық кездесулер, сондай-ақ экскурсиялар өткізіледі деп күтілуде.

Shares