Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-дағы Уәлиханов ауданына жаңа әкім тағайындалды

СҚО-дағы Уәлиханов ауданына жаңа әкім тағайындалды

СҚО-дағы Уәлиханов ауданына жаңа әкім тағайындалды. Жаңа басшы – Абдулов Мұрат Тоқмағанбетұлы, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен, СҚО әкімінің өкімімен Мұрат Тоқмағанбетұлы Абдулов Уәлиханов ауданының әкімі болып тағайындалды. Осы тағайындауға дейін Уәлиханов ауданы мәслихатының төрағасы қызметін атқарды. Мұрат Тоқмағанбетұлы Абдулов 1976 жылдың 29 маусым күні Көкшетау облысы Қызылту ауданы Қызылту кентінде дүниеге келген.

Білімі: жоғары, Көкшетау университетін 2006 жылы «Қаржы және несие» мамандығы бойынша аяқтаған.

Үйленген, 5 баласы бар.«AMANAT» партиясының мүшесі

Мансап:

Уәлиханов ауданының еңбек және тұрғындарды әлеуметтік жұмыспен қамту бөлімінің зейнетақы қорының инспекторы (06.1994-10.1995)

«Казсельхозтехника» АҚ программисті, Көкшетау облысы Қызылту ауданы Қызылту кенті (01.1996-07.1996)

«Казсельхозтехника» АҚ бас есепшісі, Көкшетау облысы Қызылту ауданы Қызылту кенті (07.1996-02.1997)

«Казсельхозтехника» АҚ сауда бөлімінің бастығы, Уәлиханов ауданы Кішкенекөл селосы (02.1997-09.1997)

«Бизнес центр-Кокше» ЖШС директоры, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл селосы (09.1997-03.1999)

«Жан-97» ЖШС қаржы директоры, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл селосы (03.1999-01.2003)

Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы аудандық филиалының бастығы, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл селосы (01.2003-09.2004)

«Сарбасов» ЖК экономисті, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл селосы (12.2004-05.2006)

Ақжар аудандық пошта байланысы торабының бастығы, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Талшық селосы (06.2006-02.2008)

«Нұр Отан» ХДП Ақжар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Талшық селосы (01.2008-04.2009)

«Абдулов» ЖК басшысы, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл селосы (05.2009-01.2016)

Уәлиханов аудандық пошта байланысы торабының бастығы, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылы (01.2016-01.2021)

Уәлиханов аудандық мәслихат хатшысы, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылы (01.2021-01.2023).

Марапаттары: Уәлиханов ауданы әкімінің Құрмет грамоталары (2016, 2018 жж.), «Қазпошта» АҚ басқармасы төрағасының Құрмет грамотасы (2019 ж.), «Қазпошта» АҚ СҚО филиалы төрағасының Құрмет грамотасы (2018 ж.), Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің алғыс хаты (2019 ж.), «Nur Otan» партиясының СҚО филиалы төрағасының алғыс хаты (2019 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медаль (2021 ж.).

Shares