Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-дағы жайлы мектептер: 4 нысанның құрылысын жүргізетін мердігерлер анықталды

СҚО-дағы жайлы мектептер: 4 нысанның құрылысын жүргізетін мердігерлер анықталды

Солтүстік Қазақстан облысында «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 4 нысан салынады. 1200 орынға шақталған нысан Қопай ықшам ауданында салынса, 900 орындық мектеп «Жас Өркенде» салынады. Ал 600 орынға шақталған қос нысан “Орман” және “Береке” шағын аудандарында бой көтереді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Жақында 2 конкурс аяқталып, «Жайлы мектептер» құрылысының жеңімпаздары анықталды.

«Орман» ықшам ауданындағы нысанның құрылысын елордалық «ASTI» ЖШС компаниясы жүргізеді. Жобаның құны 3,8 млрд теңгені құрайды. Ал «Береке» ықшам ауданындағы құрылыс жұмысына жергілікті «Единство» ЖШС тартылады. Қаржыландыру көлемі алғашқы нысанмен бірдей. Қалған 2 мектеп бойынша байқаулар әлі өткізілген жоқ.

 

Shares